Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ
КГУ "Областная специализированная школа-лицей-интернат №2 "Дарын", город Астана" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл-болашақ ұрпақтың бойтұмары емес пе?

Неден қорқасыз?

Қараңғылықтан қорқамын.Тура мағынасында емес, ұрпақтың мәңгүрт болуынан, білімсіз қалуынан,ұлт болашағының бұлыңғыр болуынан қорқамын дегені. Бұл, таным парасаты жоғары тұлға , «Тұран-Астана» Университетінің филиология ғылымдарының кандидаты, доцент ,кафедра меңгеруші  Александр Шнайдердің жауабы.

           Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру болып отыр. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік – рухани тәрбие беру.Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек екенін болашақ отбасының иелері жастардың бойына сіңіру маңызды.  Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді.Сондықтан,мектептегі білім мен тәрбие беру ісіне қоғамды,ЖОО,колледж мамандарын да тартып отырамын.  Осы мақсатта, мектебімізде болып жатқан апталыққа өз үлесімді қосайын деген ниетпен осы қоғамдық лекцияның модераторы өзім болдым.  Спикер ретінде Шнайдер Александр мырза шақыртылды. Шараның мақсаты ; Ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, елін-жерін сүйетін егеменді еліміздің ұлтжанды  азаматын  тәрбиелеу еді. Бұл мектебімізде қазақ тілі әдебиеті мұғалімі,білікті маман ,педагог-шебер Жанар Тасболатқызының ұстазы болып шықты. Ендеше, сұхбатымды ұсынып көрейін.

Баршамыз білетіндей,еліміз көп ұлтты мемлекет. Дегенмен, сіз секілді қазақ тілін зерттеп, қазақ жастарының өзіне үйретіп жүрген азаматсыз. Сұхбаттарыңыздың бірінде, отбасыңызда «әке», «ана» деген қазақша сөздерді қолданатыңызды айтып қалдыңыз. Отбасыңыз туралы айтсаңыз.Отбасыңызда қазақылықты ұстанасыз ба? Бұл сіздің таңдау ма,әлде тағдыр ма?

Әрине, тағдыр. 1941 жылдың желтоқсан айындаКавказдағы немістердің жер аударылуына байланысты Қазақстанғаәкеп,ауыл ауылдарға таратып тастаған. Қазақстанға келу тарихы туралы әжемізден жиі еститінбіз. Естеріңізде болса, «Жерұйық» деген көркем фильмде ауылдың ортасына машинамен әкеліп тастап кететін эпизод бар. 40 градус аязда далада 1 сағаттай тұрғанәже, тәтелерімізді, кішкентай балалардыауылдың тұрғындары үйді-үйге бөліп алып кетеді. Бұл тарихи шындық. Сол қыстан бастап менің ата-бабаларым қазақ ұлтының құшағында бір нанды бөліп жеп бір отбасындай бола бастаған. Әжемнің айтуынша қазақтар бір жылдан кейін өзімізге бөлек үй салып беріп, жеке үй қылып шығарған.. Әкем Қазақстанда Павлодарда дүниеге келді. Дүниеге келмей жатып 1943 жылыұлты неміс болғандығы үшін ол кездегі сайсатпен 58 баппен сотталып туылған. Қандай ауыр жағдай.Бұл ауыртпалық туралы әжем аузына алып көрген емес.Іштей тынып, ол құпияны өзімен бірге алып кетті.Кейін құжаттардан көріп ата-әкелерімізге қаншалықты қиын болғанын сеземҚазақ ұлтының махаббат мейіріміне бөленіп өстік. Кішкентайымыздан қарапайымдылық пен кішіпейілділікті, қонақжайлылықтысерік еттік. Менің де тілім қазақша шықты. Өйткені қазақ ауылында өстік.Тағы айтам, бұл тағдыр. Қазақстандық болуымның себебі осы болды.

Филолог болуыңызға не себеп болды?

          Қазақ тіліне ерекше бөлетінім отбасындағы тәрбиемен байланысты болар. Себебі мектепте оқып жүргенімде әкем кітапханадан үнемі кітап әкеліп үздіксіз ізденуге итермелейтін. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолын» әкеп бергенде , оқимын, бірақ қабылдау мен түсіну қиын болатын. Бірақ әкемнің  қазақ тілінің, сөзінің мән-мағынасын  түсінсін деп беретінін ұғындым.Мектепте қазақ тілі,тарих  пәндері  менің ең сүйіп оқитын пәндерім болды. Мектеп -интернатта білім алдым. Әлі күнге дейін сыныптастарымыз болмаса да сол интернат түлектері бір-бірімізді сағынып көрісеміз.Кейін мамандық таңдаған кезде де әкем қандай оқу орнына баратынымды сұрағанда қазіргі Әль-Фараби атындағы Ұлттық  университетке оқуға баратынымды айттым .Жай айтылған сөз болып қалмай орындалатын мақсат ретінде, арман ретінде қабылдауға мойын бұруды айтқан  болатын. Қазақта, «айтылған сөз-  атылған оқпен тең» деген керемет сөз бар ғой. Міне, айтылды,демек осы  оқу орнына баруым керек болды.Менің ғалым болу кірпішімді бірінші қалаған әкем болды. Сонымен қазақ тілінің өткені ,бүгінін біліп қана , қазақ тілінің тарихын зерттеп, ескі сөздерді саралап, мамандыққа сүйіспеншілікпен қарауымның себебі осы. Қазіргі жастарға да қазақ тілінің құдіреттілігін ұғындыруға тырысамын.Тіл тарихын зерттей отырып,осы байлықтың қадірін  білудің маңызын айтудан шаршамаймын. Қазіргі таңда 70-тен астам ғылыми жұмыстарым  бар.  Қазақстандағы этимология саласын дамытуға үлес қосқым келеді.Қазақстанда сөздің шығу тарихы туралы сөздік жоқ. Қазіргі алаңдайтымыз осы мәселе.Жастардың өз тілінде тіл тарихын білгенін маңыз санаймын.

Қазақ тіліне қатысты 70-тен астам ғылыми жазбаларыңыз бар. Соның ішінде тілді оңай меңгерудің әдістемесі бар ма? Тілді қалай игеруге болады?

Тілді игеруді әр қазақ өзінен бастау керек. Бірде бір оқиғаның куәсі болдым. Автобустың ішінде бір апамыз орыстарға «осы елде тұрасың ба, осы елдің тілінде сөйле»-деп айқай салды. Автобус ішіндегілер ешқайсысында үн жоқ.  Апамыздыкі «жалған патриотизм» секілді көрініп қалды.Мұндай оқиғалардың бірнешеуінің куәсі болдым.  Сонда маған мынадай ой келді. «Ал, өз тілінде сөйлей алмайтын қазақтар бар емес пе?, неге қазақпен қазақ бір-бірімен қазақша сөйлеспейді?». Барлық қазақ бір бірімен қазақша сөйлессе бас ұлттар да солай бетбұрыс жасайтын еді. Егер өз ұлтының барлық адамы өз тілін құрметтегенде өзгелерден талап ете алар едік. Мәселе,әр қазақтың өзінде жатыр. Әр қазақта намыс болуы тиіс. Өзге тілде емес өз тілінде сөйлеп өзге ұлтқа үлгі болу керек. Тілді игеру үшін бірінші қажеттілік туындау керек. Мемлекеттік тілді үйренуге қажеттілік туындаса онда, еш себепсіз үйренер еді.

Ұлтқа қызмет ету дегенді қалай түсінесіз?

         Ұлтқа қызмет ету-ұрпақ мүддесіне қызмет ету. Әр адам өмірде елімнің өсіп өркендеуіне қандай үлес қостым?-деп сұрақ қоятын болар. Менің түсінігімде әр адам өз елінің патриоты болуы тиіс. Патриот болу- Отанын сүюден басталады. Қай сала болмасын әр саланың маман иелері  осылай өз саласының білгірі болса, көп мәселе шешілген болар еді. Әр Отаншыл адам өз елінің тарихына, тіліне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарап, оны өскелең ұрпаққа насихаттап жеткізіп отырса, ондай ұрпағы бар ұлт ешқашан өлмек емес. Осы тұрғыда, жастарға патриоттық тәрбиеге үлес қосып келемін.

Отбасыңызда қазақы салт-дәстүрлерді ұстанасыз ба?

Әрине, сіздердің тілдеріңізше  «бесбармақ» жасаймыз. Әйелім-қазақ. Екі қызымның біреуі қазақ отбасына тұрмысқа шықты. Қазақша қыз ұзатып, төс қағыстырып, қазаққа құда болдым. Қазақтың баға жетпес қасиеттерін ,ұлттық құндылықтарын құрметтеймін. Кішіпейілділік, қарапайымдылық, қонақжайлылық, адам жатырқамайтын кеңпейілділіктеріне тәнтімін. Кішкентайымнан қазақи қасиеттерге баулынып өстік. Үлкенге құрмет көрсету секілді.Шнайдер мырзамен өткізген уақытымыз әдемі естеліктер мен тағылымға толы болды. Оқушыларымыздың қойған сұрақтарына мұқият жауап бере отырып, әр  сөзінің астарында туған тілге деген, туған елге деген құрметтің құндылығын үғындыратын тәлім жатты.Тілдің болашақ ұрпақтың мойнына тағар бойтұмары екенін жеткізе білді.  Өзге ұлттың өкілімін деп емес, туған еліне деген жанашырлық пен жастардың, елдің болашағына деген жауапкершілік әр сөзі мен көзқарасынан самал желдей есіп тұрды.

              Тіл мәселесі -ұлттың мәселесі. Менің де жаным ашитын жүйе осы. Мысалы Финландия мемлекетінде үш тіл қатар жүретін болса, фин тілі мемлекеттік тіл ретінде қолдану аясы заңмен бекітілген. Мемлекеттік жұмысқа тұру үшін әр адам мемлекеттік тілді білу деңгейінен тест тапсырып, сертификатпен жұмысқа орналасады. Яғни, қажеттілік, талап бар. Жоғары айтқан Шнайдердің сөзінің жаны бар екендігін қолдар едім. Қоғамда өз тілімізге деген қажеттілік туындасы, кез-келген оқу орталықтарында қазақ тілін білмейтіндерге тегін курстар ұйымдастырылса деген де ой келеді.

     

Жаңартылған күні: 30.11.2022 16:35
Құрылған күні: 05.12.2022 11:49

Текст