2024 жылдың 21 және 22 ақпан күні Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы «Әділетті қоғам – адал азамат» тақырыбында екікүндік онлайн семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингке өзін-өзі басқару ұйымының министрлерімен мен мектептің белсенді оқушылары қатысты. Бірінші күні семинардың бағдарламасы бойынша кіріспе сөзбен Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының директорының орынбасары Сыздыков Серк Сламжанұлы іс-шараны ашты. «Әділеттілік тұжырымдамалық қағидаттар. Қазақстандық қоғамның социомәдени идеалары. Жаңа құндылықтарды қалыптастыру мәселелері» тақырыбында Хамитова Ақбота Камоевна мен Мусина Назира Касимжановна екі топқа дәріс оқыды. Екінші күні « Әділетті Қазақстан :жасамапаздық жолында» тақырыбы бойынша екі тілде дәріс оқылды. Дәріс уақытында қатысушы оқушылар қойылған сұрақтарға жауап берді. Семинардың екінші бөлімінде жетекші ғылыми қызметкерлер Оспанова Әсия Әділқызы мен Умбетова Кунзия Агимбаевна оқушылармен тренинг өткізді, екінші күні оқушылар белгілі бір макет бойынша жоба құрып, оны қорғады. Әділеттілік, демократия дегеніміз не деген сұрақтарға оқушылар жауап берді. Сөз-жұмбақ ойынында сөздерді тауып шешті.
Екі күнгі семинар-тренингтің өту барысында келесі оқушылар белсенді қатысты: Құстаев Алмас, Съезбек Шалқар, Сембай Телжан, Ракишева Айым, Сабиров Азамат, Даутов Кайсар, Жанауова Мерейім. Токмаганбетова Дария, Айтымбетова Малика.
Барлық оқушылар сертификатқа ие болды, ал белсенді оқушылар «Алғыс хатпен» марапатталды.
Тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары Б.Есмаганбетова