2025 жылдың 10-11 сәуір «Астана қаласының №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» оқушылары мен мұғалімдер,тәрбиешілер, қызметкерлер «Сенбілік – тазалық кепілі» тақырыбында сенбілікке шықты.
Сәуір айының дәйек сөзі «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» демекші қала тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Мектеп алаңын қоқыстан тазартып, көрікті жерге айналдыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Мектеп мұғалімдері, тәрбиешілері мен оқушылар мектеп маңайын, мектепке бөлінген аймақтарды тазалады.
Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталды, оған қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.
Сөйтіп, білім ордасының ұжымы бір үйдің баласындай біріге жұмылып, сүйікті де көрікті қаламыз Астананың көріктену ісіне өз үлестерін қоса білді.
Шара соңында мектеп оқытушылары мен ұстаздары, қызметкерлері естелік суретке түсіп, жақсы ниетпен үйлеріне тарқасты. Бұрыннан белгілі, ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбектей еш нәрсе адамдарды біріктіре алмайды. Осындай ұжымдық шаралардың адамдарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық.