«Көшпенділер әлеміне» саяхат
2024 жылдың 12 қыркүйек күні 7-сынып оқушылары еліміздің жүрегі -Астана қаласында 8 қыркүйектен 13 қыркүйек арасынла өтіп жатқан «5-дүниежүзілік көшпенділер ойындары» өтіп жатқан «Көшпенділер әлемі» этноауылына саяхат жасады.
Бүкіл әдем назары біздің елде. Себебі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары біздің елде өтуде. Елордадағы «Астана Арена» стадионында ашылу салтанаты өтті. «Бұл – әлемдік ауқымда өтіп жатқан айрықша маңызды іс-шара және іс- шараға бірнеше бауырлас елдердің басшылары және басқа да ресми тұлғалар қатысты. Бұл – ұлттық спорт түрлерінен өтетін көшпенділер арасындағы әлемдегі ең ірі дода. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары.Оны Көшпенділер олимпиадасы деуге болады. Бұл ойындар дала өркениетін жер жаһанға паш етеді. Спорт – өзара құрмет пен сыйластық символы. Спорттың басты миссиясы – халықтар достығын нығайту. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында «Көшпенділер әлемі» этноауылы ашылды. Онда әрбір келуші қазақ халқының және өзге де қатысушы елдердің төл мәдениетімен, салт-дәстүрімен терең таныса алады. Біз де «Облыстық мамандандырылған №2 «Дарын» мектеп-лицей-интернаты оқушыларымен этноауылды көріп қайттық. Оқушылар «арқан тартыс» ойынына қатысты. Қонақтарды, лық толы халықты көріп көшпенділердің рухы кәдімгідей сезілді. Оқушылар керемет әсер алып қайтты.