Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ
КГУ "Областная специализированная школа-лицей-интернат №2 "Дарын", город Астана" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Даналық мектебі

         «Ақындар аманаты – ұрпаққа өнеге» атты бұл кеште қазақтың ұлттық поэзиясы мен өнерінің құндылығына тоқталып, оның бүгінгі және келешек ұрпақ үшін маңыздылығы талқыланды.  «Даналық мектебі»  жобасының   қадірлі қонақтары – ел ағалары, ғибратты ғұмыр иелері, құрметті ақсақалдарымыз Әдебиет Байдолдаұлы мен Мекебай Кәкенұлы.

           Әдебиет Байдолдаұлы- 1943 жылы Баян-Өлгий аймағының Гүлді елдімекенінде дүниеге келген. Ұланбатыр қаласындағы Педагогикалық институтты математика-физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап, Моңғолияда 30 жылға жуық ұстаздық

қызмет атқарған. 1993 Қазақстанға оралып, жаңадан ашылған,Жолбасшы орталау мектебіне директор болып тағайындалады. Оның басқаруымен мектеп қажетті оқу құралдарымен материалдармен қамтамасыз етілді.

          Мекебай Какенұлы 1948 жылы Баян-Өлгий аймағының Цэнгэл сұмынында дүниеге келген. Мекебай жастайынын жез таңдай әнші, ұлттық өнерге өте бейім,қара сөзге шебер, шешен, ақындық, әншілік өнерімен халқына танылған.Қазақ халқының салт – дәстүрін, тілін, дінін, ұлт мәдениетін халықтың санасына құйған. 1980 жылы Маршал Чойбалсын атындағы институтта басшыларды даярлайтын арнайы кадр бөлімін бітірген. Еліне «Іркужан аға» деп танылған, қадірлі, қазыналы қартымыз, қазіргі уақытта ата жұртта жанұясымен мекен етеді.

            Өлең – жүректің үні, жанның айнасы. Ақын өз жырлары арқылы елдің мұратын, халықтың арманын жеткізеді. Ендеше, Әдебиет Байдолдаұлы мен Мекебай Кәкенұлының поэзиясының терең мағынасын сезіну үшін олардың шығармаларынан үзінді  7-сынып оқушылары оқыды.

          Кештің қонақтары мктепке өздері жазған кітаптарын сыйлады.

          Кештің соңында мектеп директоры Р.Шамуратова  келген қонақтарға алғыс білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

 


Текст