Ақмола облысы білім басқармасының «Астана қаласының №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ
КГУ «Областная специализированная школа-лицей-интернат №2 «Дарын» города Астана» управления образования Акмолинской области

9-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық Қанипа Бітібаева атындағы олимпиада (облыстық кезең)

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

9–11 сынып оқушылары арасында өткізілетін бұл олимпиада – қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген, тілдік мәдениеті жоғары, ой-өрісі кең, көркем сөздің қадірін білетін дарынды оқушыларды анықтауға бағытталған маңызды білім сайысы. Олимпиада белгілі ұстаз, педагог-зерттеуші Қанипа Оралқызы Бітібаеваның есімін ұлықтай отырып, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мен тілге деген сүйіспеншілікті арттыруды көздейді.

Облыстық кезеңде мектебіміздің 9-сынып оқушысы Мұратова Жанель (мұғалімі: Ғазизов Ғ.Д.) қазақ тілі пәні бойынша 2-орын иеленіп, зор жетістікке қол жеткізді.


Ұйымдар тізімі
Текст