2024 жылдың 25-26 желтоқсан күндері 7-8, 9-11 сыныптарға арналған Жаңа жылға арналған мереклік іс-шара өтті. Жауапты сыныптар 7ә мен 9ә сыыптары, сынып жетекшілері Сыздыкова А.А, Саликова Д.У. 7-8 сынып оқушылары «Жаңа жылда ертегілер әлеміне саяхат», 9-11 сыныптар “!Ғаламның ғаламат сиқыры”тақырыптарында көңілді кеш өткізді.Ер Төстік ертегісінің кейіпкерлерімен кеездесіп, әр түрлі елдердің әндері мен билерін тамашаладық. Әр сынып жоғары дәрежеде дайындалып көрермендерге өз өнерлерін көрсетті. Әсіресе осы кештің бас кейіпкерлері Патшайым Жылан (Р.Шамуратова) және Мыстан кемпір (Н.Жаңабергенова) балаларға ұнады. Мерекелік кештер жоғары деңгейде өтті.
Мектеп директоры Р.Шамуратова ұстаздар мен оқушыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, оқушылардың осы мерекеге керемет дайындылғандары туралы айтып өз ризашылығын білдірді.