Ақмола облысы білім басқармасының «Астана қаласының №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ
КГУ «Областная специализированная школа-лицей-интернат №2 «Дарын» города Астана» управления образования Акмолинской области

Ұрпаққа үлгі-ұлы кездесу

      2025 жылдың 7 ақпан күні, тарих пәнінің мұғалімі Асан Индира Болатбекқызы және оқушылар Сағатбек Айғаным (9ә) мен *Қалықбай Мұхамадияр (8а), Астана қаласында тұрып жатқан, Ұлы Отан соғысының ардагері, 101 жастағы Рзагул Байкешев атамызбен кездесіп, сұхбат алды. 

     Бұл кездесу – мектеп оқушылары үшін үлкен тарихи сабақ болды. Атамыз өмір жолы, ерлікке толы кезеңдері туралы баяндап, ақ батасын беріп, ізгі тілегін жеткізді. Оның әрбір сөзі – өскелең ұрпақ үшін өнеге, патриоттық рухтың белгісі. 

Осындай ардагерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды! Олардың батырлығы – мәңгілік жадымызда. 


Текст