№ 2 «Дарын» ОММЛИ КММ 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы жария есепті өткізу туралы қорытынды
Мектептің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы жария есебін өткізу қорытындысы
Мектептің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы жария есебі белгіленген мерзімде ұйымдастырылып, өткізілді. Есеп беру барысында мектеп қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша толық ақпарат ұсынылып, сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Есепте мектептің мемлекеттік қызметтерді көрсету бағытында атқарған жұмыстары, қол жеткізген нәтижелері, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар баяндалды. Қызмет алушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, оларды жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.
Жалпы алғанда, есеп беру іс-шарасы тиімді өтті және ол мектеп қызметінің ашықтығын, есептілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын жақсартуға оң ықпал етті. Алдағы уақытта да мектеп тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.