Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ
КГУ "Областная специализированная школа-лицей-интернат №2 "Дарын", город Астана" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сұңқар» ұлдар клубы

       «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» -Әль- Фараби осы сөзі әлі күнге дейін мәнін жойды дей алмаймын. Тәрбиесі дұрыс балалар ғана білімге ұмтылады. Телефоннан бас көтермей, ойынмен отыратындардың ойын өзгертіп, білімге итермелеуге үлес қосу үшін де ұстазға артылған жауапкершілік болып отыр.

              Бүгін біздің мектебімізде «Сұңқар» ұлдар клубын ашылды. Ондағы мақсат: Мектептегі болашақ ер азаматтардың рухы биік, қиындықтан тайсалмайтын, Отан ұрпақ ,отбасы алдындағы жауапкершілік пен ар намыстан аттамайтын азамат, тұлға тәрбиелеу. Одан бері мәдениетке, адамгершілікке тәрбиелеу. Бұл шараға Л.Гумелев атындағы ЕҰУ Дінтану кафедрасының доценті  Кеңшілік Тышқанұлы және Астана  қ. «Аmanat» партиясы филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңес мүшесі;Ұлттық тәрбие беретін «Қара шаңырақ» және «Ертегі-ел ертеңі» және «Ана алақаны», «Qazaq alemi», «Саржайлау этнолагері» жобаларының авторы,Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының, «ЕлАна» қоғамдық, танымдық, әлеуметтік, ақпараттық сайтының үйлестіруші тілшісі Тұрар Саттарқызы қатысты.

                Отбасындағы ер баланың өз орны бар екенін,мысалы, тұңғыш ұл – кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың - жағасы бар» деп арқа сүйенген,.кенже ұл – шаңырақ иесі деп ұл  баланың тәрбиесіне ерекше мән бергендігі тілге тиек етілді.Болашақ еліміздің егемендігі мен  кең байтақ жерінің иесі екені н сезіндірді. Үлкенге құрмет көрсету- өз ата-ананы құрметтеуден басталатыны жеткізілді. Әртүрлі өмір сабатары мен келген қонақтардың тәжірибелерінен     мысалдар келтірілді.Ер балаларымыз өнер көрсетіп, қонақтарға қойылған сұрақтар өте көп болғаны сонша ,ер балалардың ойландыратын пікірлері мен ойлары тамсандырды. Көздерінде оты баср балалар бүгінгі кештен көп сабақ алды.

Жаңартылған күні: 30.11.2022 17:55
Құрылған күні: 30.11.2022 17:55

Текст