Пікірсайыс «Егемендік – елдің баға жетпес игілігі!»
Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласының №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Республика күні қарсаңына орай «Егемендік – елдің баға жетпес игілігі!» тақырыбында пікірсайыс турнирлері өтті. 7-10 сынып оқушылары қатысқан турнирде төрт команда бақ сынады: «Жаңғырық» тобы(Нурлан Зарина 10а, Авдилова Ризагүл 10а, Сағатбекова Айғаным 9ә), «Болашақ» тобы (Махметов Ерсултан 7а, Серiк Iнжу 7а, Шамшиден Рафагат 7ə), «Дебат Династиясы» тобы(Қабдырахманов Арман 8 ә, Сембай Адият 8 ә, Баянұлы Ержанат 8 ә), «Өскелең» тобы (Қайратова Каусар 8ә, Алпысбай Балауса 8ә, Әбілдина Жаннұр 8ә)Ақтық финалға өткен екі команда «Жаңғырық» және «Болашақ» топтары болды. «Жаңғырық» тобы ұпай саны бойынша үздік деп танылып, бірінші орынға ие болды.