Текст
2025 жылдың 20-21 ақпан күндері Көкшетау қаласында «Үздік мектеп парламенті» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға 21 топ қатысты. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
«Біз біргеміз» өзін-өзі басқару ұйымының швғармашылық презентациясы;
«Жылдың ұздік жобасы» мектепте жүргізілетін жобалар бойынша презентация;
«Шексіз идеялар» ситуациялық тапсырмалар;
«Шығармашылықпен басқару» үй тапсырмасы.
Біздің мектептен өзін-өзі басқару ұйымының «Daryn» тобы қатысты. «Жылдың үздік жобасы» номинациясы бойынша «Қайырымдылық» жобасы жұмысы туралы презентация көрсетілді, оқушылар грамотамен марапатталды.