2024- 2025 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес мектеп инспекторымен кездесу өткізілді.
«Астана қаласының №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, мектеп инспекторы Балтабаев Бағдат Бауыржанұлы, ДТЖО Есмаганбетова Ботакоз Нугербековнаның қатысуымен 9а сынып оқушыларының құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында кездесу болды.
Мектеп инспекторы Бағдат Бауыржанұлы, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыра келе, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қылмыстың алдын алу, баланың бұрыс жолға түспеуі, ата-ананың, мектеп пен мектеп инспекторларының бірлескен іс-қимылына байланысты екендігі туралы айтылып өтті. Жиналыс соңында, оқушыларда туындаған сұрақтарға жауап беріп, білім алушыларымызды, қылмыстық әрекететтерден бойларын аулақ ұстауға шақырды.