Текст
2024 жылдың 3 қазан «Ұстаздар күні» мектепте «Дублер күні» өтті. 11-сынып оқушылары мектептегі бар жұмысты өз басшылығына алды. Мектеп директоры –Жанауова Мерейім, оқу бойынша директор орынбасары- Инуар Салтанат, тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары – Асанбай Аянат өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарды. Барлық сыныптарда сабақ кестесі бойынша сабақтар өтті. Мектептегі өзін-өзі ұйымдастыру жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 11 сынып оқушылары өткізіп, аталған жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып шықты