Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ
КГУ "Областная специализированная школа-лицей-интернат №2 "Дарын", город Астана" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022-2023 оқу жылына арналған мектептің ғылыми-әдістемелік жоспары

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ,

№2 «ДАРЫН» ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫ»  КММ

2022-2023 ЖЖ АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

 

1.      Мектептің миссиясы: Жеке тұлғаның сұранысына, ерекшелігіне бағытталған нәтижелі білім беру, бәсекеге қабілетті оқу ортасын қалыптастыру. Жан-жақты, кәсіби деңгейі жоғары мамандар командасын құру

2.        Мектептің болашаққа бағдары (vision):

-        Мектебіміз мамандандырылған мектептердің алдыңғы қатарынан орын алып, халықаралық , республикалық деңгейдегі жетістіктер саны артады. Нәтижеге бағытталған білім беретін кәсіби мамандар командасы құрылады

3.        Мектепті дамытудың стратегиялық мақсаты:

-        Жалпы интеллектуалдық және ұлттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау және кәсіби  тұрғыдан дамуы үшін үздіксіз біліммен қамтамасыз ету;

-        Ауыл балаларына  арналған Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы мықты білім беретін орта құру;

-        Мектептің білім беру үрдісінде біліктілікті үйлесімді тарату арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру

Ғылыми-әдістемелік жұмыстың міндеттері:

  • Қазақстан Республикасында білім беруді  дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында әдістемелік жұмыстың қызметін жандандыру;
  • Бірлестік жетекшілерімен, облыстық  білім үйлестіру әдіскерлерімен тығыз байланыста жұмыс жасау;
  • Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту  мақсатында мектепішілік семинарлар, сайыстар, дөңгелек үстелдер, т.б. өткізу;
  • Облыстық, республикалық сайыс, байқауларға қатысу, жариялылығын арттыру;
  • Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, деңгейлік курстарға мұғалімдер қатыстыру,  тәлімгерлікті жолға қою;
  • Озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату;
  • Мұғалімдерді зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.
  • Білім беру сапасын арттыру мақсатында пән сабақтарында цифрлік  оқыту технологияларын кеңінен пайдалану;
  • ҰБТ  және  білім сапасының орта балын көтеру бағытындағы жүйелеу,  үздіксіздендіру, нәтижеге бағыттау;
  • Мұғалімдердің шығармашылық тобының жұмысын жандандырып, озат тәжірибелерді ақпараттандыру, насихаттау;
  • Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік білім беру стандартын, мемлекеттік білім беру стандартын, нормативтік құжаттар, әдістемелік  нұсқауларды талдау, игеру, жұмыстарын ұйымдастыру;
  • «Жас ғалым» оқушылардың шығармашылық  тобының жұмысын жетілдіру;
  • Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету, өзара кәсіби бәсекелестік орнату;
  • Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
  • Мұғалімдердің оқушылар білімдерін бағалауда объективтік принципін ұстауға бағыттау;
  • Үздік сабақтар мен жетістіктерді облыстық, республикалық басылым бетіне жариялауды жолға қою
  •  

Ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру шаралары

  1. Әдістемелік кеңестің құрамын бекіту (бірлестік жетекшілері)
  2. Пәндік әдістемелік бірлестіктердің жылдық жұмыс жоспарларын бекіту;
  3. Мұғалімдердің  өз білімін  жетілдіру жоспарларын бекіту;
  4. Жас ұстаздармен жұмыс;
  5. Білім жетілдіру бағытындағы курсқа жіберу  графигін жасау;
  6. Аттестацияланатын мұғалімдер тізімін нақтылау, жыл бойына атқарылатын іс – шаралар жоспарын жасақтау;
Жаңартылған күні: 19.10.2022 15:31
Құрылған күні: 19.10.2022 15:31

Текст