Біздің «ДАРЫН» мектеп сайтымызға қош келдіңіздер!
Өткен оқу жылы да біздің білім ордамыз үшін де сәтті жыл болды.
Мектебімізді 2022-2023 оқу жылын 31 оқушы бітіріп шықса, оның 6-оқушысы «Алтын белгі» ( Аятхан Балжан, Болсынбек Шуақ, Сағатбекова Арайлым,Кеңес Аймекен , Қабылбек Дидар, Турболат Айым,), 4- оқушы «Үздік» аттестат иегері атанды. Осы оқушылардан Нурсеитова Арина Канада (Сенега),
2-еуі, яғни Блялов Алихан мен Тынысбек Мұхамедали Туркия мемлекетінде (Анадолу университеті) оқып жатқандығын мақтанышпен айтамыз. Түлектердің 81%- Қазақстан Республикасының әртүрлі жоғары оқу орындарына грантпен оқуға орналасты.и Осы жылы білім ордамыз лицей атағына ие болды.Айтатын жетістіктеріміз де жетерлік.
2023-2024 оқу жылы мектепті 29 оқушы тәмамдады. 3 оқушымыз Шетелдік Университеттердің студенттері атанды. Атап айтсам, Ерік Мұхамедәли Түркия мемлекетіне, Абдилова Арайлым Латвия университетіне, Зуханова Ақгул Малазия мемлекетінің гранттарын жеңіп алды.Қалған оқушыларымыз Қазақстандық ЖОО ның грантына ие болып, қазіргі таңда білім алып жатыр.
Дарындық түлектер қазіргі уақытта қоғамнан өз орындарын алып, әр салада еңбек етуде.Мектебімізді осы оқу жылы 7 «Алтын белгі» 3 «Үздік аттестат» иегері бітірді.
Білім-ол құрал.Білімі көп адам құралы сай ұста секілді.Не істесе де келістіріп істейді»- деген сөз бар.Ендеше, білім алуға ұмтылған шәкірттерді біліммен сусындататын ұстаздарымыз да, шәкірттеріміз де биылға оқу жылына сақадай сай! Олай болса, баршаңызды 2024-2025 оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Биылғы жылы да жаңа оқу жылынан үміт көп. Мектебімізді түлек бітіргелі отыр. Оның 7-еуі «Алтын белгіге,5-еуі «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр.
Біздің мектеп-интернат – өмірдің өзі! Ол деген сөз- білім алушыларға өз бетінше өмір сүруге , бәсекеге қабілетті болуға, жан жағындағы құбылыстарға тез бейімделгіштікке, білім мен ғылымға ұмтылатын тұлға болып қалыптасады.
- Біздің лицей -мектеп-интернат - өмірдің өзі!
- Шығармашылық пен жаңалықтар кеңістігі!
- Білім мен ғылым әлеміне саяхат!
- Таным көкжиегін кеңейтетін, саналы ой қалыптастыратын шеберхана!
- Азаматтық ұстаным қалыптастыратын еркін диалог алаңы!
- Достық, бірлік пен ынтымақтастық ортасы!
- Рухы біртұтас жандардың мекені!
Олай болса, білім мекемеміздің сайтына қош келдіңіздер!
Мектеп басшысы Шамуратова Р.Ш