Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ
КГУ "Областная специализированная школа-лицей-интернат №2 "Дарын", город Астана" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024-2025 оқу жылы өткізілген педагогикалық және әдістемелік кеңестер отырыстары туралы ақпарат

2024–2025 оқу жылында мектептің оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру және педагогтер мен әдістемелік бірлестіктердің кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында мектепішілік педагогикалық және әдістемелік кеңестер бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі түрде өткізілді.


I. Педагогикалық кеңестер

Жалпы оқу жылы ішінде 6 педагогикалық кеңес өткізіліп, әр кеңесте білім беру мен тәрбие процесінің өзекті мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды.
 1. Тамыз айындағы педагогикалық кеңес
Тақырыбы: «Цифрлік трансформация және білім берудің жаңа мүмкіндіктері»
Бұл кеңесте 2024–2025 оқу жылының оқу-тәрбие жұмыс жоспары талқыланып, мектептің даму миссиясы нақтыланды. Вариативті оқу курстары, элективті пәндер жоспары бекітіліп, Kundelik.kz жүйесіндегі өзгерістер таныстырылды. Сонымен қатар, мұғалімдерді аттестаттау перспективалық жоспары мен оқушылардың қауіпсіздігіне қатысты бұйрықтар талқыланды.
 2. Қараша айындағы кеңес
Тақырыбы: «Біртұтас тәрбие беру жаңашылдықтары»
Кеңесте тәрбие жұмысының құндылықтық бағыты қарастырылып, 9–10 сыныптарға міндетті әлеуметтік жоба енгізудің алғышарттары мен Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегін оқу процесінде қолдану тәжірибелері ортаға салынды. 1-тоқсан қорытындысы шығарылды.
 3. Қаңтар айындағы кеңес
Тақырыбы: «Жасанды интеллект қолдану тәжірибесінен»
Бұл кеңесте жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын сабақта қолдану жолдары мен артықшылықтары ұсынылды. «Сабақтан үзік ой» вернисажы ұйымдастырылып, үздік педагогикалық тәжірибелер таныстырылды. Сонымен қатар, 2-тоқсанның оқу нәтижелері талданды.
 4. Сәуір айындағы кеңес
Тақырыбы: «Мектептің бейіндік бейнесі. ЖОО-мен байланыс»
Кеңесте бейіндік бағыттағы пәндердің жүзеге асырылу барысы, ЖОО-мен байланыс, кәсіптік бағдар жұмыстары, инварианттағы мамандандырылған бағдарламалар ерекшелігі қаралды. «Алтын белгі» үміткерлерінің құжаттары сараланып, 3-тоқсан қорытындысы шығарылды.
 5. Мамыр айындағы кеңес
Тақырыбы: «Емтихан – жауапты кезең»
Бұл кеңесте оқу жылының жылдық қорытындысы жасалып, оқушыларды сыныптан сыныпқа көшіру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, тәрбие жұмысының жылдық есебі тыңдалып, жаңа 2025–2026 оқу жылының оқу жүктемесі мен жобалық жоспары қаралды.
 6. Маусым айындағы кеңес
Тақырыбы: «Негізгі және орта мектепті аяқтау»
Кеңесте 9-сынып оқушыларының негізгі мектепті бітіру қорытындылары мен 11-сынып оқушыларының мемлекеттік емтихан нәтижелері талқыланды.



II. Әдістемелік кеңестер



Оқу жылы барысында мектептегі әдістемелік қызметті жетілдіру мақсатында 5 әдістемелік кеңес өткізіліп, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытында нақты іс-шаралар жүзеге асырылды.
 1. Әдістемелік кеңес №1 – Тамыз 2024
Тақырыбы: «Цифрлік мүмкіндіктерді сабақта қолдану»
Кеңесте жаңа оқу жылына арналған әдістемелік жұмыс жоспары бекітіліп, жас мамандар мен тәлімгерлердің жұмыс жоспарлары нақтыланды. Аттестаттау комиссиясының құрамы қайта қаралып, олимпиадаға қатысушылар тізімі жасалды. Әдістемелік нұсқау хат таныстырылып, мектептің әдістемелік миссиясы нақтыланды.
 2. Әдістемелік кеңес №2 – Қараша 2024
Тақырыбы: «Педагогтердің ғылыми-технологиялық құзыреттерін арттыру»
Кеңесте педагогтердің кәсіби даму траекториясын анықтау, диагностикалық құралдарды қолдану және бірлескен жобаларды жоспарлау мәселелері қозғалды.

3–4. Әдістемелік кеңестер №3–4 – Сәуір 2025
Тақырыптары:
 • «Авторлық бағдарлама жазу»
 • «Бағалаудың цифрлік мүмкіндіктерін авторлық бағдарламада қолдану»
Коучинг форматында өткізілген кеңесте бағалаудың жаңа тәсілдері, цифрлік құралдарды қолдану және авторлық бағдарламаларды енгізу жолдары қарастырылды.

 5. Әдістемелік кеңес №5 – Маусым 2025
Кеңесте педагог қызметкерлерді аттестаттау нәтижелері шығарылып, шығармашылық топтардың есебі тыңдалды. Сонымен қатар, мектепішілік факультатив пен бейіндік курстар жұмысының қорытындысы жасалды


Текст