Текст
25 қазан Республика күнінің қарсаңында “Астана қаласының №2 “Дарын” облыстық мамандандырылған мектеп - лицей - интернатында” 11 сынып оқушылары арасында “ХХІ ғасыр көшбасшысы” интелектуалды ойыны болып өтті. Ақмола облысы білім басқармасынан келген 30 сұраққа, ұпай саны 80 тест сұрақтарына жауап берді. 11 сынып оқушыларынан 12 оқушысы қатысты. Жақсы нәтиже көрсеткен 6 оқушы Ардақ Аяулым, Сьездбек Шалқар, Бақберген Алибек, Мухамбет Ерсұлтан, Қадыржан Дильназ, Құстаев Алмас мектепішілік ІІ турына бақ сынасты. Зияткерлік сайыс 5 бөлімнен тұрды.
Барлық бөлім қорытындысында 11 сынып оқушысы Құстаев Алмас жеңімпаз атанды. “ХХІ ғасыр көшбасшысы” интелектуалды ойынының облыстық кезеңіне жолдама алды. Құттықтаймыз!!!