Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ
КГУ "Областная специализированная школа-лицей-интернат №2 "Дарын", город Астана" управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024-2025 оқу жылы жетістіктер жайлы ақпарат

2024-2025 оқу жылындағы мектеп жетістіктері жайлы 

АНЫҚТАМА

 

Ақмола облысы білім басқармасы ««Дарын» №2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ 2024-2025 оқу жылында оқушылардың білім, ғылым, өнер, шығармашылық және қоғамдық жұмыстардағы жоғары жетістіктерімен ерекшеленді. Оқушыларымыз облыстық, республикалық деңгейдегі білім сайыстары мен олимпиадаларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мұндай нәтижелер мектептің сапалы білім беру жүйесінің, мұғалімдердің біліктілігінің және оқушылардың талпынысының айқын көрінісі болып табылады.

 

Жаратылыстану-математикалық бағыт XXVII Президенттік олимпиада

 Жаратылыстану-математикалық бағыттағы (облыстық кезең)

 2-орын – Какешова Каусар Мұғалімдері Мұқатай М., Калданбекова А.Д., Тойшыбекова Д.Ж., Кумекбаева Л.У.

 3-орын (математика) – Бауыржан Расул. Мұғалімдері: Бужбанова Р.К, Григорьева Н.Е, Муканова Т.П

  Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада (облыстық кезең)

 2-орын (физика) – Әли Мансур (мұғалімі Муканова Т.П.)

 3-орын (география) – Қайрат Ерсұлтан (мұғалімі Саликова Д.У.)

 3-орын (қазақ тілі) – Капаров Нурмат (мұғалімі Кұлмағанбетова Ж.Т.)

 3-орын (орыс тілі) – Шахар Беназир (мұғалімі Зиябекова С.К.)

Гуманитарлық және шығармашылық сайыстар

 “Жарқын болашақ” олимпиадасы (облыстық кезең)

 1-орын (қазақ тілі) – Сәкенова Диана (мұғалімі Есмағанбетова Б.Н.)

 2-орын (қазақ тілі) – Жарденбекұлы Бекзат (мұғалімі Газизов Г.Д.)

 Орыс тілі олимпиадасы (Астана қаласы, облыстық кезең)

 3-орын – Қанатова Айгерім (мұғалімі Молдиярова Г.О.)

 Грамота – Дәулеткерей Томирис (мұғалімі Молдиярова Г.О.)

Ғылыми және зияткерлік жарыстардағы жетістіктер

Ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстарға белсенді қатысу нәтижесінде оқушыларымыз ғылыми жобалар байқауларында жоғары орындарға ие болды.

Оқушылардың ғылыми жобалар конкурсы (облыстық кезең)

 3-орын (орыс тілі) – Шахар Беназир (мұғалімі Зиябекова С.К.)

 3-орын (математика) – Тіллә Нұрила (мұғалімі Кумекбаева Л.У.)

 “ХХІ ғасыр көшбасшысы” зияткерлік сайысы (облыстық кезең)

 1-орын – Құстай Алмас (мұғалімі Шалқарбекова Г.Н.)

Театр, өнер және шығармашылық бағыттағы жетістіктер

 

Мектебіміздің оқушылары өнер және шығармашылық байқауларда белсенділік танытып, өздерінің дарындарын дәлелдеді.

 “Театрдың таңғажайып әлемі” сайысы (облыстық деңгей)

 3-орын – Ж. Шанин атындағы мектеп театры (мұғалімі Ғазизов Ғ.Д.)

 “Менің шағын Отаным” тарихшылар сайысы (облыстық деңгей)

 3-орын – Төлеубай Іңкәр (мұғалімі Спанова А.К.)

 3-орын – Дәулеткерей Томирис (мұғалімі Спанова А.К.)

 “Ақберен” шығармашыл балалар сайысы (облыстық деңгей)

 3-орын (тарих) – Сембай Бекзат (мұғалімі Есмағанбетова Б.Н.)

 3-орын (қазақ тілі) – Нұрлан Зарина (мұғалімі Құлмағанбетова Ж.Т.)

Қоғамдық қызмет және өзін-өзі басқару

Мектеп оқушылары мен қоғамдық ұйымдары өзін-өзі басқару бағытында да жоғары белсенділік көрсетті.

 Мектеп парламенті (облыстық деңгей)

 “Мектептің үздік парламенті” – грамота

 Жетекшісі Есмағанбетова Б.Н.

Мектеп оқушылары мен балалар қоғамдық ұйымдарының өзін-өзі басқару көшбасшылары арасындағы конкурс

 Облыстық деңгей – грамота

Ақмола облысы білім басқармасы ««Дарын» №2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ оқушылары 2024-2025 оқу жылында көптеген беделді білім, ғылым және өнер сайыстарында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бұл жетістіктер ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі мен оқушылардың ынта-жігерінің нәтижесі болып табылады. Алдағы уақытта да мектеп білім сапасын арттыруды және оқушылардың дарындылығын дамытуға бағытталған жұмыстарын жалғастырады.


Текст