Текст
2024 жылдың 6 қарашасы сағат 15.00-де кезекті директор сағаты «ҰБТ және мотивация» тақырыбында өтті. Жобаның қонағы Емелбаев Руслан Тоқтарбекұлы ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі, іс-шараға қатысқан 10-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері. Мектеп директоры Р.Шамуратова қонақты таныстырып, бірінші сұрақты қонаққа өзі қойды: «ҰБТ тапсыру керек пе?». Руслан Тоқтарбекұлы оқушыларға ҰБТ-ның 5 кезеңін қалай тапсыру керек, грантқа түсу маңызды ма, мамандықты қалай таңдау керек деген түсініктемелер берді. Оқушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарға қонақтан жауап алды. Кездесудің соңында оқушылар кері байланыс жасады.



Ұйымдар тізімі