«Баланы жастан» – деген халық даналығын ұмытуға ешкімнің хақысы жоқ. Сондықтан, «Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келе бәрі түсінеді» – деп қарау – барып тұрған қателік.Себебі қазіргі бала ертеңгі елдің тұтқасы. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз ата-ана.Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ .Дегенменде, қазіргідей қоғамда өз баласының бар жауапкершілігін мектептен талап ететін жағдай қалыптасты.Кез-келген білім ордасы өзіне артылған жауапкершілік пен талаптан ешқашан жалтармақ емес.
Баладан жан-жағын құрметтеуіне қарап бірінші ата-анасын қалай құрметтейтінін, немесе ата-анасынан алған тәрбиесінен деп бағамдаймыз. Мектеп қабырғасында білімалушыларымның өз отбасын, ата-анасын құрметтеуіне ықпал еткендігім, ол өз ортасын, ұстаздарын, досын құрметтеуіне қосқан үлесім еді.
Әдеттегідей апта сайын болатын «Директор сағаты» жобасы «Құрметте алдыменен ата-анаңды» тақырыбына арналды. Балалардың болашағына титтей болса да ықпал етейін деген мақсат мені үнемі алға жетелейді. Әр кездесуге балаларға өмірден алған сабақтары мен тәжірибелерін, ақыл-өнегесі , көрген білгенін айта алатын ұрпақ мүддесіне жұмыс жасап, ұлтқа қызмет көрсетіп,қоғамнан ойып алған адамдарды шақырып отырамын.
Кеш қонақтары: Нәсиұлы Қажымұрат- Ардагер ұстаз, " Елорда Билер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің мүшесі. ҚР. Білім беру ісінің үздігі", "Еңбек ардагері"," Астана - 20 жыл." СҚО. Мамлют ауданының " Құрметті азаматы. Өтеген Айшуақов - батагөй ақсақалымыз, ұрпақтың тәрбиесіне зор үлес қосып жүрген, " Елорда Билер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Елордалық билер кеңесінің мүшелері де ұрпақ болашағына өзіндік үлес қосып жатқандығын аңғардық. Мектебіміз Астана қаласында орналасқан соң осындай ұйымдар мен бірлестіктермен бірлесе жұмыс атқарамыз. Барлығымыздың да илеп отырғанымыз -ұрпақ мүддесі .Жеті атасын білмейтін қазіргі жастарға бата үйрететін де аталарымыз азайып барады емес пе? Осы мақсатта балаларымызға рухани азық беріп, үлкендердің өнегелі сөз тыңдап батасын алайық деген ниетпен осы «Елорда билер кеңесі» бірлестігінің аталары балаларға келелі кеңестерін ортаға салды.
Келесі қонағымыз - Садыкова Зәуре Жақанқызы- "Сенімен Болашақ" республикалық қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары, ҚР Білім ісінің құрметті қызметкері, "Ерен еңбек үшін" медалінің иегері.Білім саласын 40 жыл бағындырып,зейнеттік демалысқа шығып қазір «Сеніммен болашақ» қоғамдық бірлестігінде жұмыс жасайды екен. Бұл, республикалық қоғамдық бірлестігінің басты мақсаты – ата-аналардың санасын оятып, психологиялық-педагогикалық білімдері мен дағдыларын арттырып, жан-жақты қолдау көрсету. «Сенімен болашақ» өз алдына білім беру процесінің барлық субъектілері, оның ішінде олардың ата-аналары мен мұғалімдері өскелең ұрпақтың мәселелерін шеше алатын алаң құру міндетін қойып отыр екен. Бұл бірлестіктің қазіргі жасап жатқан қызметіне тәнті бола отырып, Зауре Жаханқызының әрбір сөзі балалардың жүрегіне жете білді. Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді дейді ғой. Балалар ата ананы құрм еттеуге қатысты әңгіме, мысал, аңыздар айтылғанда көздеріне де жас алды.Балаларымыз мейірімге зәру екенін аңғардық. Ата-ана күйбең тірлік пен қарбалас өмірдің жетегінде үй көрмей 2-3 жұмысты қатар жасап жүр. Ондағы ойы: балаларымызғы материалдық жағдай жасаймыз дегені еді. Бірақ материалдық жағдайдан да маңызды балаларға ата-ананың мейірімі мен сүйіспеншілігі бірінші орында керек екенін байқамай жатамыз.
Оқушыларымыз шарадан алған әсерлерін де жасырмады. Әрқайсысының қойған сұрақтарының күрделі ,әрі мағыналы тереңдігі келген қонақтарды қуантты. Ата-ананы құрметтеу - әрбір адамзаттың басты перзенттік борышы екендігі, Жаңа Қазақстанның ертеңгі жастарының қандай болуы керектігі, ұлттық тіліміз бен құндылықтарды сақтайтын тек өздері екендігі мен үлкен сенім , жауапкершіліктің өз мойындарында екені сөз болды.
Тағылымды әңгіме өрбіді. Ұрпақтар сабақтастығы сөз болды. Қонақтар балалық шаққа саяхат жасады. Бақытты адамның формуласы да құрастырылды. Ата-ананы құрметтудің маңызы жете түсіндірілді. Берері мол, балаларды ойландыратын, үлкенді толғандыратын кездесу болды. Келген қонақтарға үлкен алғысымды білдіріп, шығарып салдым.