Тілім менің – ғасырларға аманат.

ыыыыыыыыыыыыыыыы

Астана қаласының №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында,
2025 жылғы 5–18 қыркүйек аралығында
«Тілім менің – ғасырларға аманат» атты тіл онкүндігі өткізілді.

Онкүндіктің мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін дамыту, жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау болды.

Онкүндік аясында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:

«Тілім менің – ғасырларға аманат» салтанатты ашылу жиыны;
Республикалық диктант – әр сыныпта
«Тілге құрмет – елге құрмет!» атты тәрбие сағаты (А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған);
«Тіл және мәдениет» тақырыбындағы дөңгелек үстел;
«Тіл – ұлт қазынасы» танымдық кеші;
«Тіл – достықтың кілті» атты тәрбие сағаттары.

Барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға және патриоттық сезімін қалыптастыруға ықпал етті.

Анықтама директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының атынан берілді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: _________________Тойшыбекова Д. Ж.