Тілдер мерекесіне орай 7-8 сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінен «Knowledge is power» атты сайысы

ыыыыыыыыыыыыыыыы

12.09.2022 күні ағылшын тілі пәні мұғалімдері Хаукенова Алмагүл Даудовна мен Нуракенова Айнұр Қалтайқызы 7-8 сыныптар арасында «Knowledge is power» атты сайысын өткізді. Сайыс мақсаты оқушылардың дайындықсыз сөйлеуін дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқушылардың пәнді оқуға деген ынтасын арттыру.

Сайыста оқушылар жребий арқылы екі топқа бөлінді. Сайыс бес кезеңнен тұрды:  «The ABC game», «A magic 5», «Proverbs and sayings», «British and American English» және «British Musicians».

Әділ қазы алқасы жоғары сынып оқушылары болды: Қуандық Жансая, Ескермесова Ариана мен Хибадат Тәнзила. Әр кезең бойынша қазы алқасы топтарға берілген ұпайларды санап, соңында қорытынды шығарды. Көрермендерге де бірнеше интеллектуалдық және логикалық сұрақтар қойылды.

Оқушылар соңында өз ойларын ортаға салып, сайыс ұнағандығын айтты.