«Жайдарлы Жас ұлан» интеллектуалды сайысы
ыыыыыыыыыыыыыыыы
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Жайдарлы Жас ұлан» интеллектуалды сайысы 17-18 қараша айында Көкшетау қаласында болып өтті.
Мақсаты: «Жайдарлы Жас ұлан» жоба мақсаты – өскелең ұрпақты жоғары рухани – адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық және интеллектуалдық деңгейін көтеру болып табылады.
Мектебімізден 15-16 жастағы 9-10-11 сынып оқушыларынан құралған «CRAZY ASTANA» КВН командасы қатысып, жүлделі ІІІ орын дипломы мен бағалы сыйлыққа ие болды.
Құрамы: Жанабаев Серік, Курмангалиева Жанерке, Ақылбаев Аңсар, Ибраев Мерей, Әділбек Жанәділ, каптиан: Амиров Мәди.