Шахмат ойыны республикалық челлендж
Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі.
Шахмат – оқушылардың зейін, сыни тұрғысынан және логикалық ойлау, шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамытатын ойын.
2023 жылғы 12 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де біздің «Дарын» №2 мектебі де челенджді қолдап ұстаздар мен оқушылар командалары арасында шахматтан жарыс өтті. Жарысқа 10 оқушы және 10 ұстаз қатысты.
Челлендждің мақсаты – шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту.
Ойын ФИДЕ ережелеріне сәйкес өтті. Жарыстың барысында ұстаздар командасы жеңіске жетті. «Ең үздік ойыншы» номинациясына 11-сынып оқушысы Озат Қасиет, 8-сынып –Жақсылық Ерасыл, 7-сынып –Мұқаш Илияс ие болды.
