2025 жылдың 23 қаңтар сағат мектебімізде «Директор сағаты» жобасы өтті. Жобаның қонағы Тұрсынжан Тоқай – «Ғылым адамы», нейробиолог, ғалым.Жусаннан таптырмас дәрі жасап жатқан адам. Тұрсынжан Тоқайұлы 1964 жылы ҚХР, Шыңжаң өлкесі, көркем Күнес ауданының Қарабура ауылында дүниеге келген. Т. Тоқайұлы Қытайдағы Шыңжаң медицина университетінен (Xіnjіang Medіcal Unіversіty) Адам анатомия ғылымының ассистенті және доценті атақ-дәрежесін алады.Бұл кісі өзін ғылымға арнаған азамат.Нейробиологияның, ми жүйесінің, қан тамыр жүйесінің қыр-сырына үңіле оотырып, оқушыларға қарапайым тілде жеткізумен бірге оларды білім мен ғылымға шақырды.2014 жылдан Назарбаев университетінде еңбек етіп жатыр. Қызыл жусанның ерітіндісін талма(эпилипсия) ауруына қарсы дәрі дайындауды қарастыруда. Тұрсынжан ағамыз алты тілді жетік біледі:қазақ, ағылшын, француз, неміс,қытай, түрік.Өз өмірін медицинаға арнаған. Оқушылар Тұрсынжан ағайларына сұрақтар қойып, толық жауаптарын алды. Кездесу кеші қызықты өтті. Оқушылар өздеріне көптеген мағлұматтар алды.