1. Жалпы жарғылар
Бұл Жарғыда төмендегідей түсініктер қолданылады:
Қабылдау комиссиясы – 7- 11 сыныптарға үміткер оқушыларды іріктейтін комиссия.
2. Құжаттарды қабылдау тәртібі:
1. Үміткерлерден құжаттар қабылдау мақсатында мектеп-интернат директоры арнайы комиссия тағайындайды.
2. Мектепке оқуға түсуге үміткер оқушылар төмендегі құжаттарды:
1) Осы Жарғының №1 қосымшасында көрсетілген үлгі бойынша Өтініш;
2) Осы Жарғының №2 қосымшасына сай сауалнама;
3) Жеке басын куәландыратын құжат (туу туралы куәлік ) нотариалды көшірмесі;
4) 086/у нысанындағы медициналық анықтама;
5) мекенжай анықтамасы;
6) соңғы екі жылдағы оқу үлгерімі мен тәртібі жайындағы табельдерінің білім беру ұйымының мөрімен бекітілген көшірмесі;
7) білім беру ұйымының мөрімен бекітілген марапаттаулары мен дипломдарының көшірмесі;
8) 3х4 2 дана фотосуретін тапсырғаннан кейін Конкурсқа жіберіледі.
Барлық құжаттар пластикалық қағаз жиғышқа салынуы керек.
3. Құжаттарды қабылдамауға:
1) конкурс жарияланған уақыттан кейін кеш тапсырылған;
2) талаптарға сай түгел жиналмаған жағдай негіз болып табылады.
3. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі:
7. Үміткерлерді қабылдау олардың зияткерлік қабілеттерін, тіл меңгеру қабілетін(мемлекеттік және шетел) анықтау негізінде жүзеге асырылады.
8. Үміткерлерді конкурстық негізде іріктеу мақсатында мектеп-интернаттың тәжірибелі ұстаздарынан тұратын комиссия құрылады.
Конкурс ұйымдастыратын әділқазы алқасының төрағасы аталмыш ұйымның қызметкерлері тарапынан тағайындалады.
Конкурс екі кезеңнен тұрады.
9. Конкурстың бірінші кезеңінде математика, Қазақстан тарихы және бейіндік пән бойынша тест қабылданады.
Екінші кезеңде үміткерлерге ана тілінде эссе жазу ұсынылады;
10. 7- 11 сынып оқушыларына арналған әр пәннен ұсынылатын тапсырма саны -15, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Тапсырмаларды орындауға 90 минут уақыт беріледі.
Эссе жазуға (көлемі аз дегенде 250-300 сөз, 2 беттен аспауы керек)30-45 минут уақыт бөлінеді. Эссе критерийлер негізінде максималды 50 ұпайға дейін бағаланады.
4. Мектепке қабылдау:
11. Конкурста жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар мектепке қабылдануға ұсынылады;
12. Ағымдағы оқу жылында облыс, республика көлемінде пән олимпиадасынан жүлделі орын алған оқушылар мектепке конкурссыз қабылданады.