«Алаш және тіл» конференциясы
24.09.2026
Тілдер мерекесіне орай 10-сынып оқушылары арасында «Алаш және тіл» атты танымдық конференция ұйымдастырылды.Конференция барысында оқушылар ұлттың рухани жаңғыруына өлшеусіз үлес қосқан Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлының өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып, олардың ана тілі, ұлттық тіл және ел болашағы туралы идеяларын ортаға салды.
Оқушылар Алаш зиялыларының мұрасын зерделей отырып, қазақ тілінің ұлт өміріндегі маңызын кеңінен талқылады.
Іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан сынып жетекшілері Тұрсынқызы Дария және Мукашева Айнур Болатбековнаға алғыс білдіреміз!
https://www.instagram.com/reel/Ddd78VfKpJP/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
Просмотров: 1200