шахматтан турнир

2025ж 22 қаңтар күні мектеп-лицей-интернатында өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен шахмат турнирі өтті. 

   Шахмат турниріне  16 оқушы қатысты. Турнирдің  бас төреші және хатшы – Қарасай Даниал – спорт министрі. Шахмат турнирінің ережесі бойынша  екі тақ санның кішісі, екі жұп санның үлкені,  тақ санмен жұп санның  кішісі «ақпенен» көшіп ойынды бастайды.

          Турнирдің қорытындысы  бойынша  1 орынға - Жақсылық Ерасыл , Бегалы А  -2 орынға, Тілек Ерсін  - 3 орынға ие болды. Жүлделі орынға ие болған шахматшылар «Алғыс хатпен»  марапатталды. Шахмат турнирі осылай өз мәресіне жетті.