Кәсіби бағдар беру
2025 жылғы 04 қыркүйекте 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру және мамандық таңдауға бағыт беру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Шараға Астана қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің басшылары мен курсанттары қатысты.
Кездесу барысында колледж өкілдері оқу орны туралы толыққанды ақпарат берді:
Әскери колледжге Астана қаласында оқуға түсетін үміткерлер оқуға түсетін жылы 15 жасқа толған, бірақ 17 жастан аспаған, 9-сыныпты аяқтаған жасөспірімдер болуы тиіс.
Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай.
Колледжде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін қажет үш мамандық, төрт біліктілік бойынша кәсіпқой сержанттар даярланады.
Оқушылар қызығушылық танытып, колледж жайлы ақпаратты мұқият тыңдады. Кездесу барысында көптеген сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.
Өткізілген күні: 04.09.2025 ж.
