«Мемлететтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына 2019 жылы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес Ақмола облысы білім басқармасының «Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 4 түрін жүзеге асырады:
1) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
2) Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау;
3) Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
4) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау.
Барлық қызметтер білім беру мекемесінде қағаз жүзінде көрсетіледі.
2019 жылы Ақмола облысы білім басқармасының «Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ-де көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 63.
Сұранысқа ие болған қызмет «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» (56 қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша қолжетімділікті қамтамасыз ету мен халықты ақпараттандыру мақсатында, мектеп-интернат ғимаратының бірінші қабатында көрнекі ақпаратық стенд орналастырылған (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы және қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініштердің үлгілері).
Ақмола облысы білім басқармасының «Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ-де өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, мұнда қызметті алушылар мемлекеттік қызметтерді алу үшін Egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өз бетінше өтініш бере алады.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін пандус және шақыру түймесі орнатылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында есепті кезеңде 1 қызметкер (желтоқсан айында) біліктілігін арттырды.
Көрсетілген кезең бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту анықталған жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағым келіп түспеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерінің барлығы бекітілген стандарттар мен регламенттерге, нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Ақмола облысы білім басқармасының «Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде стандарттар мен регламенттердің сақталуы, түсіндіру іс-шараларын (семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ-на мақалалар жариялау) жүргізу бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.