2018 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Ақмола облысы білім басқармасының «Астана қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ-нің қызметі туралы есебі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Ақмола облысы білім басқармасының «Астана қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 3 түрін жүзеге асырады:
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
- «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»
Барлық қызметтер тегін және қағаз жүзінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат ғимараттың 1-қабатындағы ақпараттық стендінде орналасқан.
2018 жылы мектеп-интернаты 72 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 68 қызмет;
- «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 1 қызмет;
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» - 0 қызмет.
Көрсетілген кезең бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағым келіп түспеді.