7-8 және 9-11 сынып оқушыларына жаңа жылдық мереке.
2022 жыл 28 желтоқсан 7-8 сынып оқушыларына арналған Жаңа жыл шыршасы өтті. Жауапты 8ә сынып, сынып жетекшісі Жумагалиева Г.Н. Іс-шара өте қызықты өтті, балалар өз өнерлерін көрсетті. Жаңа жыл шыршасында оқушылар Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып ән айтып, билеп, көріністер қойды. Оқушылар әр түрлі костюмдер киіп, қояндар жолбарыспен би билеп шығарып салды.
Мектеп-лицей-интернат директоры Рысжан Шерниязовна оқушыларды, ұстаздарды еле жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аяз атаға жазған хаттарында балалар өздері жаңа жылда күтетін сыйлықтары туралы жазған.
Р. Шерниязовна балалардың ең үздік он хатты таңдап алып, армандарын орындады. Балалар өте көтеріңкі көңілмен іс-шарадан тарады.
2022 жыл 29 желтоқсан 9-11 сынып оқушыларына арналған Жаңа жыл шыршасы өтті. Жауапты 10А сынып, сынып жетекші Мұқатай М және тәрбиеші Исабекова А.С. Жаңа жыл кеші әйгілі жаңа жылдық кино,мультфильмдермен қатысты болды. Осы ғажайып атмосфераны сезіну үшін 9-11 сынып оқушылары үлес қосты.10 Ә сынып оқушылары «Холодное Сердце» мульфильмнен көрініс қойса, 9Ә сынып оқушылары «Аватар» ауылының Жаңа жылды қалай қарсы алатыны туралы айтып өтті. 9Б және 11Б оқушылары ән айтып өз өнерлерін паш етті. 11 сынып Жаңа жыл туралы ән айтып би биледі. 9А сынып «Один дома» фильмінен үзінді көрсетті.

