Жарқыра, жайна Әз Наурыз!

ыыыыыыыыыыыыыыыы

7-сыныптардың күйімен ашылады

Жүргізуші - 1:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Жүргізуші – 2: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын!

Жүргізуші - 1: Бәріңізді бүгінгі атаулы мерекеде көргенімізге қуаныштымыз! Наурыз мерекесін естен кетпейтіндей керемет өткізу үшін, сіздерді әр ауылдың қонағы болуға шақырамыз. Біздің мерекелік бағдарламамен таныс болыңыздар.

Жүргізуші – 2: Ең алдымен әділқазы алқасы мүшелерімен таныстырып өтсек: Әділқазы алқасының төрайымы – мектеп директоры Шамұратова Рысжан Шерниязқызы.

Әділқазы мүшелері: Серикова Бақыт Қуандықовна, Манабаева Гүлбахрам Дәменовна, Искакова Жазира Баянбаевна, Тоқсабаева Нұргүл Мураутовна.

Жүргізуші - 1: Бізде алты ауыл бар. Әр ауыл өзін таныстырып, өнерін көрсетеді. Сағат:15:30-дан бастап әр ауылдың ұйымдастырған ойындарына қатыса аласыздар.

Ауылдар аталмыш номинациялармен марапатталады:

«Ең үздік ұлттық киім» - шаш үлгісі, киім-ұлттық нақышта
«Ең үздік ұлттық дастархан» - ұлттық тағамдардан жайылған дастархан
«Ең үздік таныстырылым» - әр ауыл өз атауын түсіндіріп, ерекше таныстыруы қажет
«Ең үздік безендірілген ауыл» - ауыл өте ерекше, ұлттық элементтермен безендірілген
«Бірлігі жарасқан ауыл» - ойындардан жеңген, ұйымшыл ауыл
«Ең креативті ауыл» -  әр номинацияға ерекше көңіл бөліп, креативті ойластырған ауыл
«Ең дәмді көже» - дәмді көже

Сіздерді әр ауылдың қонағы болып, күндеріңізді көңілді өткізулеріңізге тілектеспіз. Бәріңізді сағат 16.00-де АКТ залында күтеміз.

Ұлттық ойындар:                                    

«Асық ату»   

«Тоғыз құмалақ»

«Қол күрес»

«Арқан тарту»

«Гир көтеру»  

«Кім жылдам?»

Ауылдар:                                      Ауылдарға ереже:

107, 108                                       1. Таныстыру – 3 мин
201,202,204                                 2. Өнер көрсету – 5-7 мин
207,208,209                                 3. Ойын – 15-30 минт (жеребе бойынша ойын таңдалады)
210,211,212
213,214
Кітапхана (мектеп ұжымы)

Номинациялар:

«Ең үздік ұлттық киім» - шаш үлгісі, киім-ұлттық нақышта, аяқ киім
«Ең үздік ұлттық дастархан» - ұлттық тағамдардан жайылған дастархан
«Ең үздік таныстырылым» - әр ауыл өз атауын түсіндіріп, ерекше таныстыру қажет
«Ең үздік безендірілген ауыл» - ауыл өте ерекше, ұлттық элементтермен безендірілген
«Бірлігі жарасқан ауыл» - ойындардан жеңген, ұйымшыл ауыл
«Ең креативті ауыл» -  әр номинацияға ерекше көңіл бөліп, креативті ойластырған ауыл
«Ең дәмді көже» - дәмді көже

Мерекенің ашылуы:

Домбыра, баян сүйемелдеуімен бір топ адам «Тойың тойға ұлассын» әнін шырқап, акт залына кіріп келеді.

Дәстүрлі ән Рысжан Шерниязқызынан

Құттықтау сөз айтылады Алихан

Ар ма, ағайын?! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Шашу шашылады

Кенжетай Баухановна

Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Би «Назерке»
Күй поппури Мұхаммедали, Ерхан, Арыс, Альфара

Жүргізуші 1: Бүгінгі мерекелік іс-шара қорытындысын шығару үшін сөз кезегін әділ қазы алқасына береміз.

Әділқазы алқасы сөйлейді

Жүргізуші 2: «Батамен ел көгерер» демекші ежелден ата-бабамыз әр жаңа жылды ақ батамен қарсы алған. Уа ағайын, «наурызым – бабамның сөзі, наурызым – анамның сөзі, ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі» дей келе, Қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз.

Бата: Ерсұлтан

Ұлыстың ұлы күнінде,

Ұлың оңға қонсын,

Қызың қырға қонсын,

Дәулетіңді асырсын,

Дұшпаның басылсын.

Менің берген бұл батам —

Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам

Көже істеген келіндер,

Көпке жаққан елшіл бол.

Бозторғайдай төлшіл бол!

Ор қояндай көзді бол,

Адам таппас сөзді бол!

Қыстан қысырамадық,

Жаз күніндей жадырамадық,

Өткен ай өзімен кетіп,

Туған ай жарылқасын!

Аяз әлін біліп, Күнекей күн жарылқасын,

Аллаһу әкбар!!!

Жүргізуші 2: Құрметті қонақтар, әр ауылда жайылған дастарханға жайғасуға шақырамыз!

Бірге: Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!                                           

«Ең үздік ұлттық киім» - шаш үлгісі, киім-ұлттық нақышта 2 қыз бала, 2 ер бала
«Ең үздік ұлттық дастархан» - ұлттық тағамдардан жайылған дастархан
«Ең үздік таныстырылым» - әр ауыл өз атауын түсіндіріп, ерекше таныстыруы қажет
«Ең үздік безендірілген ауыл» - ауыл өте ерекше, ұлттық элементтермен безендірілген
«Бірлігі жарасқан ауыл» - ойындардан жеңген, ұйымшыл ауыл
«Ең креативті ауыл» -  әр номинацияға ерекше көңіл бөліп, креативті ойластырған ауыл
«Ең дәмді көже» - дәмді көже