«Елім деп соққан жүрегім» Қазақстан Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған патриоттық кешінің
14 желтоқсан сағат 15.00 акт залында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне мерекелік концерт өтті. Мерекелік іс-шараны мектеп-лицей-интернат директоры Рысжан Шерниязовна ұстаздарды, оқушыларды құттықтау сөзбен бастады. Барша қауымды келе жатқан тәуелсіздік күнімен құттықтап, шахмат, сурет салу, дебат турнирлерінде жүлделі орындарға ие болған оқушыларды марапаттады. Белгілі нәтижеге жеткен ұстаздар мен жұмысшыларды да мадақтама қағазымен марапаттады.
Іс шара кезінде 7,8 ,9,10 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсете алды. Мерекелік концертті домбра оркестрі «Секіртпе» күйімен ашты. 7-сынып қыздары «Үкілі камшат» әнін орындаса, Ризабек Айсана мен Нузар «Туған жерім» әнін орындады. 8б сынып оқушылары би орындаса, 7-сынып оқушылары «Көкек» әнін хормен орындады. Іс-шара өте қызықты өтті.
