«Қарттар күні»

ыыыыыыыыыыыыыыыы

2022 жылдың 4 қазаны мектепте «Қарттар күні» аталып өтті. Мерекелік шараға ардагер ұстаздар шақырылды. Мерекенің бірінші бөлімінде мектеп-лицей-интернатының директоры Р.Ш Шамуратова жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, ұзақ ғұмыр,  бейбіт аспан тіледі. Концерттік бағдарламаны мектептің домбыра оркестрі ашты. Ұстаз, мектеп туралы әндер орындалды. Концерттік бағдарламадан соң мерекелік шара шай ішумен жалғасты. Қонақтар жылы қарсы алғандары үшін алғыстарын білдіріп, денсаулық, биік жетістіктер тілеп, мектептің өркендеуіне тілектестігін білдірді